7 MinuteWorkout
Қазақша

Өз салмағыңызбен жаттығу. Күнделікті тірлік арасында.

Күн қарбалас.Ал 7 минут өзіңізге.

Қанша қолыңыз бос болмаса да, қимылға бірер минут табылады. Жаттығуды таңдап, «Бастау» түймесін басыңыз, ары қарай қосымша өзі бағыттап отырады.

Android-қа арналған, таймер мен дауыс жетелейтін жаттығулар.

7 Minute Workout қосымшасының «Жаттығу» экраны: «Бастау» түймесі, таңдалған «7 минуттық жаттығу», айналым саны, «Жаттығуға дейін жылыну» және «Жаттығудан кейін созу» параметрлері.
Бір жаттығудан бастаңыз.

Бүгінгі жаттығуыңыз

Жаттығу әрқашан дайын

Кешенді таңдаңыз да, бірден кірісіңіз.

Сағатқа қарамай-ақ

Уақытты таймер санайды, келесі қимылды дауыс айтады.

Өзіңізге қарай бапталады

Жаттығу қарқынын, үзілістерді және кешен құрамын өзгерте аласыз.

01 / Өз ырғағыңызды табыңыз

Сіз қимылдайсыз. Уақытты біз санаймыз.

Ішіңізден секунд санап әуре болмаңыз. Видеоға қарап қимылдаңыз, келесі нұсқауды тыңдаңыз, үзіліс кезінде тынығып алыңыз.

  • Әр жаттығуды көрсететін видео
  • Дауыстық нұсқаулар мен дыбыстық белгілер
  • Жаттығу мен демалыс уақытын өзіңіз белгілейсіз
Өзіңізге жаттығу таңдаңыз

Қосымшадағы жаттықтырушыңызбен танысыңыз

Қол-аяқ ашып секіру: жаттықтырушы секіріп, аяғын екі жаққа ашады да, қолын жоғары көтереді, сосын бастапқы қалпына оралады.

Қосымшадағы бірнеше жаттығудан үзінді. Көру үшін «Видеоны қосу» түймесін басыңыз.

Әр күн әртүрлі

Қысқа айналым да, өз кешеніңіз де.

Екеуіне де орын бар.

Қосымшадағы «Жаттығуды таңдау» экраны: «Жеке жаттығу», «7 минуттық жаттығу», «Абс жаттығуы», «Жоғарғы дене бөлігі», «Төменгі дене бөлігі» және «Жылыну».

02 / Өзіңізге бейімдеңіз

Күн қандай болса, жаттығу да сондай.

Бүкіл денеге арналған кешенді таңдаңыз, дененің бір бөлігіне көңіл бөліңіз немесе өз кешеніңізді құрастырыңыз. Қай күні не ыңғайлы, соны таңдайсыз.

  1. Бағытты таңдаңыз

    Бүкіл денеге, іш бұлшықеттеріне, дененің жоғарғы және төменгі бөлігіне арналған жаттығулар бар.

  2. Өз қарқыныңызбен

    Жаттығу уақытын, демалыс үзілісін және айналым санын өзгертіңіз.

  3. Жеке кешен құрыңыз

    Жаттығуларды өзіңіз таңдап, қалаған ретпен орналастырыңыз.

03 / Жалғастыра беріңіз

Әр жаттығу – алға бір қадам.

Аяқталған жаттығуды елеусіз қалдырмаңыз. Есебін жүргізіп, жаңа белесті атап өтіңіз, келесісіне де уақыт бөліңіз.

Салмағыңыздың өзгерісі

Салмақ күнделігін жүргізіп, жазбаларыңызды графиктен бақылаңыз.

Қосымшадағы салмақ күнделігінен үзінді: «Сіздің салмағыңыз» картасындағы соңғы жазба және салмақ өзгерісінің графигі.

Өзіңізді бір мақтап қойыңыз.

Жаттығуларды аяқтап, жаңа белестерге жеткен сайын трофей жинаңыз.

Қосымшадағы «Трофейлер» экраны: аяқталған жаттығулар саны мен жаттығу ұзақтығы үшін берілетін марапаттар.

Білуге тұрарлық бірнеше жайт

Бастамас бұрын.

Алғашқы жаттығу алдында білгіңіз келетін жауаптар.

Әр жаттығу дәл 7 минут па?

Әрдайым емес. 7 минуттық жаттығу – бастапқы идея ғана. Жалпы уақыт таңдалған кешенге, жаттығу мен демалыс ұзақтығына, айналым санына және жылыну мен созылуды қосқаныңызға байланысты. Жаттығуды бар уақытыңызға қарай баптай аласыз.

Қандай да бір құрал-жабдық керек пе?

Жаттығулар өз салмағыңызбен орындалады. Кейбір қимылдарға, мысалы, қабырғаға арқа сүйеп отыруға, орындыққа шығуға және орындыққа сүйеніп трицепс жаттығуына қабырға немесе берік орындық керек. Кірісер алдында таңдаған кешеніңіздегі жаттығуларды қарап шығыңыз.

Жаттығуды өзім құрастыра аламын ба?

Иә. Жаттығуларды таңдап, ретін белгілеп, «Жеке жаттығу» ретінде сақтай аласыз. Жаттығу уақытын, демалысты және айналым санын да баптауға болады. Кейбір мүмкіндіктер үшін Премиум қажет.

Қосымшаны тегін жүктеуге бола ма?

Иә. 7 Minute Workout қосымшасын Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады. Қосымшада жарнама көрсетіледі, ал ішкі сатып алулар міндетті емес. Кейбір жаттығулар мен мүмкіндіктерге Премиум қажет. Қолжетімді нұсқалар мен қазіргі бағаларды қосымшаның ішінен көре аласыз.

iPhone-ға арналған нұсқасы бар ма?

iOS нұсқасын шығару жоспарланған. Әзірге 7 Minute Workout қосымшасын Android телефондары мен планшеттеріне Google Play арқылы орната аласыз.

Қане, бастайық!

Өзіңізге арналған бірнеше минут.

Келесі жаттығуыңызды бір түртумен бастаңыз.

Google Play арқылы жүктеңіз

Android-қа арналған 7 Minute Workout